Joomla TemplatesBest Web HostingBest Joomla Hosting

nurli

expo1

Logo 25 KZ

Astana

Авторизация



Лента новостей
Голосование
Сколько времени ты выделяешь в сутки для выполнения домашнего задания?
 
Контакты

Казахстан,

Костанайская область,

г. Рудный,

ул. Парковая, д. 34

Телефон: (71431) 4-43-60

Факс: (71431) 4-43-60

E-mail: esctanya@mail.ru

Главная Школа Структура МО учителей Казахский язык Предметная неделя МО казахского языка и литературы. 2016-2017 уч. год

Предметная неделя МО казахского языка и литературы. 2016-2017 уч. год

МО учителей - Казахский язык

Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, тілдер күні аясында 19-24 қыркүйек аралығында қазақ тілі апталығы өткізілді. Елбасымыздың білім саласындағы жаңарту бағыты үштілділік саясатын қолдай отырып, әдістемелік бірлескен ұжым болып, апталықтың ашылу салтанатын 5 тілде жүргіздік. Іс –шараның ашылуында қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын, езид, әзербайжан тілдерінде құттықтау сөздер айтылды. Оқушылар бұл іс- шараға ерекше қызығушылық танытты. Жалпы мектепте әр түрлі ұлт өкілдері білім алуда. Барлығы бір ананың баласындай  өзара жақсы ынтымақтастықта өмір сүруде. Мектеп қабырғасынан бастап әр шәкірт жүрегінде  мемлекеттік тілге деген құрметтің дәні себілуде. Сондықтан тіл апталығына барлығы жұмылып ат салысты. 3-сыныптар аралығында  Каримова Кенжегүл Шынтемірқызының ұйымдастыруымен  «Тіл білгірі» атты интеллектуалды ойын өткізілді. 3 сыныптан 3 топ жарысқа түсіп, бақ сынасты. Балалар өз топтпрының атын, ұранын өздері дайындап келген. Қазақ тілінде түрлі тақырыпта берілген сұраққа мүдірмей жауап беріп, мақал – мәтелдердің жалғасын тауып жатты. Биыл мектеп ұжымына жаңада қосылған жас маман Гүлбану Жанайдарқызы  «XXI ғасыр көшбасшысы » білгірлер ойынын 6-сыныптармен өткізді. Көшбасшылық қабілетті балаларына дарыта білген жас та болса, шебер ұстаз сөз бастайтын шешен жүргізушілерді де дөп басып тандай білген. Ойын көруге келген көрермендер де назардан тыс қалмай, өз сыбағаларын алды.  Әсел Сағитқызының 4- сыныппен өткізген «Өнерлі өрге жүзер» сайысы да жан-жақты тапқырлық пен шапшаңдықты талап ететін, ойлау қабілетін дамытатын ойын болды. Оқушылар  өздерінің қаншалықты мемлекеттік тілді білетіндерін көрсете білді. Ұстаздың жаңа бағытта жүйелі жұмыс жасайтынын оңай аңғаруға болады. үштілділік бұл жерде де қалыс қалмады. 7-сынып оқушылары «Брейн-ринг» ойынында өздерін басқа қырдан танытты. Клара Шнасбекқызының бастауымен өткізілген бұл іс-шарада тек қазақ тілінде ғана емес, сонымен қатар тарих, географиядан да сұрақтар жалғасын тапты. Тәжірибелі ұстаз шәкірт көңіліне жарық жол таба білді. «Білгірлер шеңбері» интеллектуалды ойынын Базаргүл Төлеуқызы 9-сыныптың 2 тобымен ұйымдастырды. Білікті ұстаз «Мәңгілік ел» идеясының бағытын назардан тыс қалдырмады. Пәнаралық байланыс бұл іс-шарада оң нәтижесін көрсетті. Оқушылардан бөлек қатысқан ұстаздар да ризашылығын білдірді.

Апталықтың тағы бір тілге тиек етер тұсы үзілістерде қазақ халқының ұлттық ойындары асық ату,  ханталапай,  сақина, орамал тастау, ақсереқ – көксерек ойнатылды. Мақал- мәтел жарысы мен жұмбақтар айтысы ұйымдастырылды. Балалар барлық іс-шараға ат салысты. Апталықтың тақырыбына орай «Менің елім-Қазақстан» атты шығармалар сайысын әдістемелік бірлестік жетекшісі Мадьярова Айнұр Төлендіқызы өткізді. Сайыс қорытындысы бойынша 6-сынып оқушысы Вахидзаде Фариздің жазған шығармасы үздік деп бағаланды. Апталықтың жабылу салтанатында барлық іс-шараларға қатысқан балалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқушылардың, әріптестердің өтінішімен жыл бойы бұл шаралар әлі де жалғасын табады.

 kazyaz2016 17

Презентация

Обновлено (06.10.2016 02:37)

 
Поиск

kundelik

 998c6f98754ab9ef29257fc0a7a54adf XL

poslanie Pr

Gosudarstvennye-simvoly-Kazahstana

gos simvol

VSK 2015

blog dir 

 

akorda kz

MNiORK

 i

banner rgoo1

banner orleu

banner nis

banner egov

Статистика
Пользователи : 3337
Статьи : 511
Ссылки : 1
Просмотры материалов : 1889433