Joomla TemplatesBest Web HostingBest Joomla Hosting

nurli

expo1

Logo 25 KZ

Astana

Авторизация



Лента новостей
Голосование
Сколько времени ты выделяешь в сутки для выполнения домашнего задания?
 
Контакты

Казахстан,

Костанайская область,

г. Рудный,

ул. Парковая, д. 34

Телефон: (71431) 4-43-60

Факс: (71431) 4-43-60

E-mail: esctanya@mail.ru

Главная Пресс-центр Новости Латын әліпбиіне көшу – жаһандану талабы

Латын әліпбиіне көшу – жаһандану талабы

Пресс-центр - Новости

AB1

Қазіргі таңда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі жан-жақты қарастырылып, 2025 жылға дейін толықтай көшіру жоспарланған болатын. Елбасы өз мақаласында «...қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» – деп қазіргі жаһандану заманында кейінгі ұрпақ жастарымыздың білімінің кеңейіп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізу үшін өте қажет екендігін баса айтады. Бұл еліміздегі жастарды әлемдік ғылым мен білімді игеруге бағыттап жатқан оң шешім болса керек.

Еліміздің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы жарлығына орай Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ-де 10 қазан күні қазақ тілі мамандарының қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – жаһандану талабы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс – шараның мақсаты - латын әліпбиіне көшудің  негізгі мәселелерін талдау, әліпбиге байланысты өзгерістерді халыққа түсінікті тілде жеткізу.

Іс – шараны тілдер орталығының басшысы, бас модератор Джамбурчина Жанна Ерманқызы ашып берді. Ол келген қонақтарға латын қарпіне көшу – тіліміз үшін жасалып отырған игі қадамдардың бірі екендігін тілге тиек етті. Рудный қаласы әкімдігінің «№13 орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі –Баижигитова Мейрамкуль Мейрбекқызы қазақ тілінің шығу тарихы, соның ішінде латын тілінің шығу тарихын нақты деректермен ашып жеткізсе, орталық басшысының орынбасары Сармантаева Айнур Еркінқызы келген қонақтарды латын графикасына негізделіп жасалған алғашқы қазақ әліпби нұсқаларына шолу жасап, түсінідіріп өтті. Нәтижесінде жиылған қауым латын әліпбиінің екінші жобасы – «Апостроф» нұсқасына тоқталуға өз ұсыныстарын білдірді және оның халық үшін де, балалар үшін де, басқа да адамдар үшін де жеңіл әрі түсінікті болатынын айтып, өзара талқыға салды.

Дөңгелек үстел нәтижесінде жиылған қонақтар Елбасының бұл жобасын толық құптайтындарын, еліміз үшін маңызды қадамдардың бірі екендіктерін атап өтті.

Сөзімнің соңын: "Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңіндегі жаңа белеске қадам басқалы тұрған латын әліпбине көшу бұл - жазуды жаңғырту, тілді жаңғырту, елді жаңғырту болмақ.  Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тегеурінді болып, әлемдік тәжірибені игеруіміз үшін санамызға тың серпін керек. Осындай серпіліс арқылы бүкіләлемдік кеңістікке ене аламыз. Келешек ұрпақ өз кезеңінде тарихи мәселенің ұлылығын мойындайтын болады» - деп аяқтағым келеді.

Баижигитова Мейрамкуль Мейрбековна

Рудный қаласы әкімдігінің «№13 орта мектебі» КММ 

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.

*****

Латын әліпбиінің нұсқасына өзгеріс енгізілді

Обновлено (28.04.2018 07:28)

 
Поиск

kundelik

 998c6f98754ab9ef29257fc0a7a54adf XL

poslanie Pr

Gosudarstvennye-simvoly-Kazahstana

gos simvol

VSK 2015

blog dir 

 

akorda kz

MNiORK

 i

banner rgoo1

banner orleu

banner nis

banner egov

Кто онлайн
Сейчас 398 гостей и 2 пользователей онлайн
Статистика
Пользователи : 2511
Статьи : 507
Ссылки : 1
Просмотры материалов : 1683713