Joomla TemplatesBest Web HostingBest Joomla Hosting

nurli

expo1

Logo 25 KZ

Astana

Авторизация



Лента новостей
Голосование
Сколько времени ты выделяешь в сутки для выполнения домашнего задания?
 
Контакты

Казахстан,

Костанайская область,

г. Рудный,

ул. Парковая, д. 34

Телефон: (71431) 4-43-60

Факс: (71431) 4-43-60

E-mail: esctanya@mail.ru

Главная Пресс-центр Новости Тағылымы мол шара

Тағылымы мол шара

Пресс-центр - Новости

TMSh2018

Жуырда  Рудный қаласы №13 орта мектебінде  8 Наурыз мерекесі қарсаңында  7-11 сыныптар аралығында «Мектеп аруы – 2018» атты  байқау ұйымдастырылды. Мерейлі мереке мектебіміздің 55 жылдық мерейтойына арналды.

Көк желекті көктеммен бірге жүрекке қуаныш сыйлайтын көктемнің  алғашқы күні де келіп жетті. Осынау жарқын мереке жақындағанда әрбір жасөспірімнің  үміттері мен армандары орындалатындай сезінетіні анық. Мектебіміздің 55 жылдық мерейтойына  дөп келген байқауда  әр сыныптан жеті қыз  бағын сынады. Терең білім мен  шынайы өнерді дәріптеген шара үш кезеңнен құрылды. Байқаудың басында құттықтау сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмагул Жанабаева мектебіміздің 55 жыл қарсаңындағы толағай табыстарын тілге тиек етіп,  көктем аруларына  сәттілік тіледі. Қатысушылар "Сәлеметсізбе бұл мен …"  атты алғашқы кезеңінде өздерін заманауи ару ретінде  таныстырып, ата-анасының  тәрбиелі, әдепті қызы екендіктерін  өлең шумақтарымен жеткізсе,  «Интервью» кезеңінде  қойылған сұрақтарға  бір минут ішінде жауап беріп үлгірді. Бұл кезең барысында қойылған сұрақтар адамгершілік, ибалық, әдептілік, мейірімділік құндылықтарын қамтыса, үміткерлер де толым жауап беруге тырысты. Ал, байқаудың шешуші кезеңі «Сүйікті мектебім саған арналады» кезеңінде үміткерлердің  шығармашылдық қасиеттері сынға түсті. Бұл тұста көктем арулары  барлық жетістіктерін  мектебіміздің мерейтойына арнады. Тарқатып айтсам, «Лес чудес» конкурсының жүлдегері 10 сынып оқушысы Екатерина Куземка шығармашылығын көрсету барысында  өзін сахнаға шыңдалған, әртістік қабілеті мол қырынан көрсете білсе,  8 сынып окушысы Фариза Абуталыкова қала, облыс деңгейінде ғылыми жоба жеңімпазы екендігімен ерекшеленді. Сондай - ақ бұл кезеңде  талапты жанына серік еткен  7 сынып оқушысы Маншук Сайдулаева  білім, өнер жағынан  қарсыластарынан көш бойы озық шықты.Байқау да өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, 7 сынып оқушысы Маншук  Сайдулаева  барлық сыннан сүрінбей өтіп,  «Мектеп аруы – 2018» атанды. Қалған қатысушылар да әділ - қазылар тарапының назарынан елеусіз қалмады. "Талғампаз ару", "Жылы жүзді ару", "Көркем ару", "Сыпайы ару", "Артистік шеберлігі мол ару", "Ақылды ару" марапатына ие болып жатты. Иә, өзге ұлт өкілдері де ат салысқан мұндай шараның мектебіміздің ауызбіршілігін нығайта түсетіні анық.

Гулбану САБИТОВА

Рудный қаласы

№13 орта мектебі КММ

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Обновлено (23.04.2018 09:22)

 
Поиск

kundelik

 998c6f98754ab9ef29257fc0a7a54adf XL

poslanie Pr

Gosudarstvennye-simvoly-Kazahstana

gos simvol

VSK 2015

blog dir 

 

akorda kz

MNiORK

 i

banner rgoo1

banner orleu

banner nis

banner egov

Статистика
Пользователи : 3341
Статьи : 511
Ссылки : 1
Просмотры материалов : 1890961