Joomla TemplatesBest Web HostingBest Joomla Hosting

nurli

expo1

Logo 25 KZ

Astana

Авторизация



Лента новостей
Голосование
Сколько времени ты выделяешь в сутки для выполнения домашнего задания?
 
Контакты

Казахстан,

Костанайская область,

г. Рудный,

ул. Парковая, д. 34

Телефон: (71431) 4-43-60

Факс: (71431) 4-43-60

E-mail: esctanya@mail.ru

Главная Пресс-центр Новости Жаңа білім жаңалыққа бастайды

Жаңа білім жаңалыққа бастайды

Пресс-центр - Новости

MT2018 1 MT2018 2

Бүгінгі жас маман - ертеңгі шебер ұстаз. Осы орайда  №13 орта мектебінің ұжымы бұрын  тәжірибелі  ұстаздарымен мақтанса,  қазіргі таңда  іздеріне ерген жас мамандардың   мақсаттары айқын, асар асуы, бағындырар белесі биік екеніне  "Жас маман - 2018" байқауында  куә болса,  жас ұстаздар  жаңа технология айдынында еркін жүзіп, тәлімгерлерін бір қуантты.   

Бүгінгі күні  өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, сұранысқа ие бола алатындай кәсіби маман дайындау. Мектебімізде жуырда ғана  директордың орынбасары, жас мамандардың жұмыстарын  қадағалаушы Испамбетова Лидия Василиевнаның ұйымдастыруымен өткен  мектепішілік  "Жас маман - 2018" байқауы осының бір дәлелі іспеттес. Кәсіби біліктілігімізді шыңдауға бағытталған байқау мектеп ұжымынан құралған әділ-қазылар мүшелерінің  мен тәрізді   жас  маманға кезеңдер бойынша балдық парақшалар  үлестіріп, мектеп психологы Зайцева Серамафима жас мамандарға қобалжуды ұмыту үшін арнайы тренинг  ұйымдастырды.  Үш  кезеңнен құралған апталыққа  бес ай   мен үш жыл арасындағы бес маман ат салысты. Байқаудың алғашқы аптасы   жаңартылған білім мазмұнындағы ашық сабақтардан бастау алды. "Сабақ  - үйреншікті сабақ емес, жаңаны табатын өнер"  деген нақыл сөздің бағын жандырған жас ұстаздар  жаңа технология айдынында еркін жүзіп, семинарында жас мамандар  жаңаша бағалау жүйесін өз сабақтарында кеңінен қолдана білді. Тарқатып айтсам, "Бағдаршам", "Бес саусақ" , "Жетістік ағашы" т.б  бағалау түрлері әр маманның сабағынан көрініс тапты. Сабақ беру барысында  жаңа әдіс - тәсілдерді  сәтті қолданған әріптестерім ендігі кезекте дидактикалық материалдарын қорғады. Бұл тұста  әрқайсысы ескіден жаңаға ұмтылып, "Ай мектее",Білім лент" т.б сайттардағы материалдардың  тиімділігін  ортаға салды. Сайыстың соңғы кезеңінде әріптестерім  арасында "Білім берудің оқытуда артықшылығы мен  кемшіліктері" атты   дебатқа арналды. Бұл орайда пікірталас  "Оқыту үдерісінің сапасы", "Мұғалімнің алынған білімінің сапасы", "Оқытудағы бағалау", "Оқытудың өлшеуіш параметрлерінің тиімділігі", "Мұғалімнің психологиялық мамандығы"  төңірегіндегі  сұрақтар  айналасында   өрбіді. Жақтаушы және даттаушы тобындағы сұрақ - жауаптар жаңартылған білім мазмұнын тақырыпқа арқау етті десем, артық айтқаным емес. Байқау да өз мәресіне жетіп, мектеп директоры құттықтау  сөз сөйлеп, апталықтың мақсатын тілге тиек  етіп, жас мамандардың талабына  сәттілік тіледі. Осы орайда жүрек қалауыммен таңдаған мамандығыма адалдық танытып, кәсіби шыңдалу үстіндегі  жетістігім әділ - қазылар тарапынан жоғары бағаланып, бірінші орынды еншілеп, сый - сыяпатқа ие болдым.  Ал, әріптестерім  түрлі номинацияларға ие болды. Иә, заман көшіне ілесіп, жаңа форматтағы ұстаз атану - мен тәрізді  жас мамандардың еншісіне тиесілі. Олай болса, келешекте  ұжымның сенімінен шығып қана қоймай, бәсекеге қабілетті  шәкірт  тәрбиелеуде де еңбегімізді еселей бермекпіз!

Гулбану САБИТОВА

Рудный қаласы

№13 орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Обновлено (23.04.2018 09:21)

 
Поиск

kundelik

 998c6f98754ab9ef29257fc0a7a54adf XL

poslanie Pr

Gosudarstvennye-simvoly-Kazahstana

gos simvol

VSK 2015

blog dir 

 

akorda kz

MNiORK

 i

banner rgoo1

banner orleu

banner nis

banner egov

Статистика
Пользователи : 4604
Статьи : 519
Ссылки : 1
Просмотры материалов : 1959947