Joomla TemplatesBest Web HostingBest Joomla Hosting

nurli

expo1

Logo 25 KZ

Astana

Авторизация



Лента новостей
Голосование
Сколько времени ты выделяешь в сутки для выполнения домашнего задания?
 
Контакты

Казахстан,

Костанайская область,

г. Рудный,

ул. Парковая, д. 34

Телефон: (71431) 4-43-60

Факс: (71431) 4-43-60

E-mail: esctanya@mail.ru

Главная Пресс-центр Новости Қош келдің, Әз - Наурыз!

Қош келдің, Әз - Наурыз!

Пресс-центр - Новости

Nauriz

Көгілдір көктеммен бірге келген  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында №13 орта мектебінде де  мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Сондай бір тағылымы мол шара мемлекеттік тілдегі ұлттық  кітапхана мен  мектеп кітапханасының бірлескен жұмысы түрінде өрбіді. 

Кітапхана - оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда.  Осы орайда кітапханашылардың мақсаты  Әз - Наурызды  кішкентай оқырмандарға әр қырынан танытып,   салт - дәстүрімізді жаңғыруға бағытталды. Қазақ  халқы - әрдайым қонақжай  халық.  Міне, сондықтан кітапхана төрі  қарияларға арналды.  Наурыз мерекесіне орайластырылған көрмені тамашалаған  5 сынып оқушылары   салт - дәстүрге  арналған сұрақтарға жауап беріп қана қоймай,  қариялардың ұлағатты әңгімелерін тыңдап қайтты. Әрине, бұл орайда кітапханашылар Гулзараш Уалиева мен Мендігүл Асылбекованың еңбегі зор екендігін атап өтсем, артық болмас дер едім. Ал,  келесі күні  5-8 сыныптар арасында өткізілген "Көңілді тапқырлар алаңы" да дәл осы  мерекенің жалғасы іспеттес. Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз мерекесіне жоспарланған ұлттық нақыштағы астарлы әзілдер көрермендердің жүрегінен жол тауып, жасөспірімдер мәз - мәйрам болып жатты. Көңілді ойын да мәресіне жетіп, әділ - қазылар тарапынан арнайы баллдық жүйе мен критерийлер бойынша  әділ бағаларын алды. Өткір әзілдерімен  қарсыластарынан мерейі үстем болған 7 сынып оқушыларының  "Қазақ жастары" бас жүлдені иеленсе, 5 сынып екі командаға бөлініп, "Балапан"  бірінші, "Тек қана, қыздар" екінші орын, ал,  6 сыныптың  "Қазақпыз ғой" командасы  үшінші орынды қанағат тұтты.  Ән - шашумен өз мәресіне жеткен дәстүрлі шара да  марапатпен  қорытындыланып, оқушылар мәз - мәйрам боп тарқасып жатты. Иә, мерейлі мерекемізді дәріптеуге  шәкірттеріміздің де белсенді түрді  өз үлесін қосып жатқаны ұжым үшін үлкен мақтаныш болғаны анық. 

Гулбану САБИТОВА

Рудный қаласы №13 ОМ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Обновлено (26.04.2018 05:16)

 
Поиск

kundelik

 998c6f98754ab9ef29257fc0a7a54adf XL

poslanie Pr

Gosudarstvennye-simvoly-Kazahstana

gos simvol

VSK 2015

blog dir 

 

akorda kz

MNiORK

 i

banner rgoo1

banner orleu

banner nis

banner egov

Статистика
Пользователи : 4605
Статьи : 519
Ссылки : 1
Просмотры материалов : 1959988