Joomla TemplatesBest Web HostingBest Joomla Hosting
Главная Pressroom News Тағылымы мол шара

Тағылымы мол шара

Пресс-центр - News
There are no translations available.

55let-2018 1

Жуырда №13 орта мектебі 55 - жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейлі шараға сай жасалынған бейнебаян  білім ордасының тарихынан  сыр шертіп, мектеп өмірінен мәлімет берді.

55let-2018 2

Салтанатты  шара барысында сөз алған мектеп директоры  Шынар Валиева құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге, қонақтарға алғысын білдіріп, білім ордасының осы жылдар арасындағы жетістіктеріне тоқталды. Мектеп 1963 жылы құрылып, алғаш рет  1402 түлек қадам басты. Алғашында ұжым 19 мұғалімнен құралып, мектеп директоры – Софья Григорьевна Бурштейн болды. Алғашқы түлектер 1968 жылы тәмамдаған. Міне, мектеп басшысы  осындай құнды мәліметтерді  тілге тиек етті. Бұдан соң сөз алған  кәсіподақ   төрағасы  Амина  Мурзатаева мектептің тарихын әңгімелеп, бұрынғы мектептің қазіргі таңда  білікті ұстаздардың арқасында  беделі биік білім ордасына айналып үлгіргенін мақтанышпен  айтып өтті. Сахна шымылдығы осыдан 11 жыл бұрынғы түлектің  естелік өлеңімен түрілді. Сондай - ақ, Ирина Пицукова, Татьяна Гребенюк, Натальи Дегртярова мектеп туралы шығарған әнін  көрермендермен  бірге тұрып хормен айтып шықты. Құттықтаудан соң   ән-күй мұғалімі Натальи Дегтяреваның басшылығымен оқушылар хоры «Барлығы өзгереді» әнін тарту етсе, «Зеркало» хореографиялық ұжымының "Қазақ биі", биледі. мектептің ән-күй мұғалімі Гүлферуз Ешниязованың  жетекшілігімен «Гүлдер» трио-тобы  «Бәріміз бірге» әні, Қазыловтардың әкелі- ұлдар триосы шараның көрігін қыздыра түсті. Одан соң  сахна төрінде тәжіриелі ұстаз Наталья Бабич  1979 жылдан бері 40 жыл, Юлия Иванова 23 жыл, осы мектептің түлегі Анна Гридневская  10 жылдық тәжірибесі т.б  мұғалімдердің есімі мақтанышпен аталды. Мерейлі шара да өз мәресіне жетіп, еңбек ардагерлері мұғалімдерді марапаттады. Иә, мектебіміздің жетістігін тізе берсем, шексіздіке ұласады. 55 жылдық жүріп өткен жолындағы қиындығы мен жетістіктері бізге үлгі - өнеге. Қазіргі таңда мектебіміз ардагер ұстаздардың салған сара жолын ұстанып, шәкірттерін   жаңашыл идеяларға толы біліммен сусындата отырып, іргетасының мықты болуына өз үлесімізді қосудамыз. 

55let-2018 3

Гулбану САБИТОВА

Рудный қаласы

№13 ОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Last Updated (Tuesday, 19 June 2018 05:01)

 
Поиск

kundelik

 998c6f98754ab9ef29257fc0a7a54adf XL

poslanie Pr

Gosudarstvennye-simvoly-Kazahstana

gos simvol

VSK 2015

blog dir 

 

MNiORK

 

 i

 

banner rgoo1

 

banner orleu

 

banner nis

 

banner egov

Statistics
Members : 3167
Content : 510
Web Links : 1
Content View Hits : 1848286