Joomla TemplatesBest Web HostingBest Joomla Hosting

nurli

expo1

Logo 25 KZ

Astana

Авторландыру
Лента новостей
Голосование
Сколько времени ты выделяешь в сутки для выполнения домашнего задания?
 
Контакты

Казахстан,

Костанайская область,

г. Рудный,

ул. Парковая, д. 34

Телефон: (71431) 4-43-60

Факс: (71431) 4-43-60

E-mail: esctanya@mail.ru

Главная Баспасөз орталығы Жаңалықтар Дарынды шәкірт - ұстаз мерейі

Дарынды шәкірт - ұстаз мерейі

Баспасөз орталығы - Жаңалықтар
There are no translations available.

Жуырда Рудный қаласында   қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қалалық пән олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 5-7 сыныптар  қатысып, білімдерін сарапқа салды. Білім додасында менің екі оқушым бірдей жүлделі орынды еншіледі. 

SG2018

Олимпиада мақсаты –  дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады. Олимпиаданың негізгі міндеттері оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету,   оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі   жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару –  ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі.

Оқыту мен тәрбиелеу барысында шәкіртіңнің кішкентай болса да, әрбір жетістігіне қуана білу және оны әрдайым мақтап, мадақтап отыру баланы өсірудің тамаша бір жолы. «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз» дейді ғой ғалым Қаныш Сәтбаев. Өйткені ең алдымен өз кәсібіңе, өз пәніңе деген зор сүйіспеншілік болғаны абзал. Осынау сүйіспеншілік оқушы бойындағы білімге, пәнге деген алғашқы құштарлығын түртіп оятады. Ал, шәкірт бойында оянған білім құштарлығы енді тұтанған шырақ секілді. Ең қиыны - осынау шырақты сөндіріп алмау. Ол үшін талмай еңбектену мен іздену қажет. Осы орайда менің мерейлі мақсатым  шәкірттерімнің  қабілетін ұштап, талабын шыңдау. Тіл көкжиегін кеңейтуге бағытталған  олимпиадада 5 «Ә» сынып оқушысы Алия  Русланова және  6 «Ә» сынып оқушысы Айкен Құлмұратова  сынды шәкірттерім  білімін ақтап, үшінші орынды еншіледі. Әрине, бұл оқушылар үшін үлкен жетістік. Көңіліме қуаныш ұялатқан сәт  шәкірттерімнің келесі қадамға бару үшін өздеріне сыни тұрғыдан қарап, білімдерін тереңдетіп, бұдан да жоғары орын алуға талпынған тұстары еді. "Ізденген жетер, мұратқа" демекші болашақта шәкірттерімнен үміт күтемін. Иә, жас маман болсам да ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой екеніне көзім жетті.

 

Гулбану САБИТОВА

Рудный қаласы

 №13 ОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Жаңартылған (19.06.2018 05:07)

 
Поиск

kundelik

 998c6f98754ab9ef29257fc0a7a54adf XL

poslanie Pr

Gosudarstvennye-simvoly-Kazahstana

gos simvol

VSK 2015

blog dir 

 

akorda kz

MNiORK

 i

banner rgoo1

banner orleu

banner nis

banner egov

Статистика
Қолданушылар : 4698
Мақалалар : 519
Сілтемелер : 1
Мақалалар қаралды : 1969459